top of page

2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ДЕМЕУШІЛІК КӨРСЕТКЕН ТҮЛЕКТЕР

 

1990 жылғы түлек:

1.  Мектеп түлегі Мұқанов Темірхан жалпы сомасы 200000 теңге көлемінде  мектепке комплект парта (15 парта 30 орындық) алып демеушілік көрсетті.   


2007 жылғы түлектер:

 

1.  Абдуллин Азамат мүмкіндігі шектеулі оқушы Алиманова Таминаға (2 а кл) сурет салатын мольберт алып берді 13500 тг.

 

2.  ​Тілеужанова Айгерім 13500 теңге көлемінде азқамтылған, отбасынан шыққан 2 «ә» класс оқушысы Сағижан Жансаяға қыс киім алып берді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015- 2016 оқу жылының мектеп бітіруші түлектері мен             ата - аналарының мектепке тартуы 

Мектеп мұғалімдері: 

 Төлегенова Гүлжаһан, Таутанова Тамара, Балдосова Құрманай 57000 теңгеге демеушілік көрсетіп, физика                                                 кабинетіне линолеум төседі.

Мектеп түлектері:

Шұбаршы орта мектебінің 2001 жылғы түлегі Нияров Мейірбек Нұрболатұлы 500000(бес жүз мың теңге) көлемінде мектептің спорт залына күреске арналған төсеніш алып, демеушілік көрсетті.

 

Бабалакова Меруерт, Ұлмамбетова Балауса және мектеп мұғалімдері Қоғамбаева Гүлазат, Бакешова Базаргүл                                         Алғашқы әскери дайындық кабинетіне 54000 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті. 

Мектептің 2010 жылғы түлегі Санкеш Айнұр 40000 теңге көлемінде демеушілік көмек беріп, мектеп алдына кафель алып берді.

  1. 11 класс оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілген «Шұбарши старс» ән байқауынан түскен 13700 теңге қаражат қамқорлықтағы оқушының «Тұрғын үй жинақ» банкінен ашылған жеке есеп шотына аударылды.

  2. 8 класс оқушылары «Көктем аруы» байқауын өткізіп, түскен қаржы 8000 теңгені және мектеп мұғалімдері 7000 теңге қосып, мектебіміздің оқушысы Рзалықова Аружанға көзіне ота жасау үшін көмек көрсетті.

  3. Мектептің 2007 жылғы түлектері мектепте 10 жылдық мерейтойларын атап өту барысында жаөспірімдер арасында өздері ұйымдастырған футбол біріншілігінің қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттады. Және мектепке 150 000 (жүз елу мың)  теңге көлемінде офистік жұмсақ жиһаз және  сұйық кристалды түрлі-түсті теледидар сыйға беріп, демеушілік көрсетті.  

Мектеп мұғалімдерінің көмегімен 100000 ( жүз мың) теңгеге мектеп іші  жаңа үлгіде безендірілді.

  1. 2009 жылғы мектеп түлегі  Сагимов Есет Кдырович – «Russia land» location компаниясының инженер –механигі, мектептің безендіру жұмыстарына қажетті материалдарға 50 000 (елу мың) теңге көлемінде демеушілік етті.

1 маусым Халықаралық балалар құқығын  қорғау күні қарсаңында Шұбаршы орта мектебінде мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кешке мүгедек, мүмкіндігі шектеулі, үйден оқитын оқушылар және қамқорлықтағы оқушылар арнайы  шақырылды. Барлық оқушылар сыйлықпен қамтылып көңілді кеш болды. Сонымен қатар Шұбаршы орта мектебінде үйден оқитын 3 «а» класс оқушысы Алиманова Тамина Сейтқызына  Шұбаршы орта мектебінің директоры А.М.Нуржанова 20000 (жиырма мың )теңге көлемінде сертификат табыстап, демеушілік етті. Барлық оқушылар мерекелік шарадан көтеріңкі көңіл - күймен тарады.

Кеңқияқ мәдениет үйі директоры Құбашева Ардақ Мұғалқызына Шұбаршы орта мектебі оқушыларына "Мектепке жол" акциясы аясында көмек көрсеткені үшін алғыс айтамыз!!!

Мектеп түлегі Имангазин Нурлан Избасканович 215 000 (екі жүз он бес мың) теңге көлемінде мектепке 15 парта 30 орындық алып демеушілік көрсетті. 

Жаңа жыл мерекесін тойлау қарсаңында мектебімізде үлкен іс-шаралар ұйымдастырылды. Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, әсемдікке баулу мақсатында мерекелік безендіру жұмыстары жүргізіліп, мектеп түлектері демеушілік жасады.

Мектебіміздің түлектері: Бабалақова Меруерт, Мукашева Толқынай, Ульмамбетова Балауса, Құрманғазина Алмагүл, Қибасова Ұлпан 90 000 (тоқсан мың) теңгеге безендіру жұмыстарын жүргізді. 

Мектебіміздің кітапханашы Байқан Қырмызы, музыка пәнінің мұғалімі Кулиева Дариға, мектебіміздің түлектері: Бакыт Мансия, Қоңыратбай Гүлжанат, Құдайбергенова Дина аз қамтылған отбасы балаларына мерекелік көңіл-күй сыйлап, 48 оқушыға 98 000 (тоқсан сегіз мың) теңгеге жаңа жылдық сыйлыққа демеушілік көрсетті.  

"Нұр Отан" партиясы Темір аудандық филиалының 14.12.2017 жылдың №152 хаты негізінде Республикалық желілік кестеге сәйкес аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың атына білім беру салымын ашу бойынша "Жарқын болашақтың кепілі" атты қайырымдылық акциясы аясында аз қамтылған отбасынан шыққан Шұбаршы орта мектебінің 5 "В" сынып оқушысы Жанболатова Камила Асылханқызының атына Халық банкінен есепшот ашылып, есепшотқа Шұбаршы орта мектебінің мұғалімдері 15000 (он бес мың) теңге көлемінде қаржылай қайырымдылық ұйымдастырылды. Осы жиналған 15000 теңге оқушының атына ашылған жеке есепшотына аударылды. 

bottom of page