top of page

Ауданымызда білім беру қызметкерлерінің басын біріктіретін дәстүрлі «Карандаш-2017» педагогикалық оқуы мамыр айыныңон алтыншы жұлдызында мектебімізде өтті. Мектебіміздің «Педагогтің кәсіби құзіреттілігі – білім сапасының негізгі факторы» тақырыбын таңдаудағы мақсаты келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білм беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің педагогикалық негіздерін меңгеру жолдары болып табылады. Педагогикалық оқу келген педагог қызметкерлергемектеп тынысын үш тілде таныстырумен басталды. Сонымен қатар қатысушыларсекцияларға бөлініп, ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар мен коучингтерге қатысып, іс-тәжірибелерін жетілдірді. Педагогикалық оқуға қатысушылар «Тұз терапиясы», «Қағазбен жұмыс», «Жас шеберлер» тақырыптарында шебер кластар және оқушылардың музыкалық бағдарламасын тамашалады. «Педагогтің кәсіби құзіреттілігі -білім сапасының негізгі факторы» тақырыбындағы «Карандаш -2017»педагогикалық оқуыныңқорытынды бөлімінде әр бөлім бойынша үздіктер анықталып, «Үздік сабақ» көрсеткені үшін Қ.Деңгелбаева, «Үздіксыныптан тыс шара» көрсеткені үшін Ж.Табылдина, «Үздік коучинг» көрсеткені үшін М.Карамбаева, сондай-ақ мектеп директоры А.М.Нуржанова педагогикалық оқуды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. Салтанатты түрде «Карандаш» Кеңқияқ орта мектебіне табысталды.

bottom of page