top of page

Мектебімізде Қазақстан  Республикасы   Тәуелсіздігінің  25  жылдық  мерейтойына  орай 21қараша – 15 желтоқсан аралығында   «Ұлы  Дала  Елі -  Тәуелсіздіктің  25  негізі» тақырыбы  аясында «Тәуелсіздігім -Бақытым» атты іс-шаралар жоспары құрылып, осы аралықта жоспар бойынша мерекелік кештер, презентациялар, кездесулер, мәнерлеп оқу, жоба қорғау және патриоттық әндер байқаулары, дөңгелек үстелдер, танымдық кештер, түрлі сайыстар және класс сағаттары  өткізілді.

Шара басталар алдында акт залы, мектепіші фойелерімен мектепалдына еліміздің көрнекті жерлерінің макеті жасалып безендірілді. Ұстаздар және оқушылар бәрі бірдей төсбелгі тақты.

25 күндік кезінде келетін қонақтарды мектеп атынан қарсы алу мақсатында оқушыларға үш тілде сәлемдесу дайындалды. 

21-қараша күні  жоспарға  сәйкес «Мемлекеттік  Конституция»   күні Шұбарши  ауылдық  клубымен  бірлесе  отырып,  «Айбары асқақ ата заң»  салтанатты  жиыны  кең  көлемде  аталып  өтті. Жиынға  Шұбарши   ауылдық  округінің  әкімі Өсербаев Азамат Мәлікұлы, Темір аудандық Мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Бакиев Қайыржан Зейноллаұлы қатысып, оқушылардың өнерлерін тамашалады.

22 қараша «Мемлекеттік Рәміздер » күні Мемлекеттік Рәміздерді ұлықтау барысында,    5 сыныптар арасында    «Мемлекеттік  Рәміздер - ел мақтанышы» атты білімділер додасы болып өтті. Аталмыш шараға  аудандық білім бөлімінің заңгері Сауытов Бағдат пен аудандық ішкі саясат бөлімінен қонақтар  қатысты. 

23 қарашада Республикалық «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жыл» атты шығармалар байқауы өтті.

Сонымен қатар «Ер жігіт – ел қорғаны» атты саптық  байқауы 10-11 класс оқушылары  арасында  өтті. Сайыс саптық жүріспен әскери-патриоттық әндер шырқау, сұрақ –жауапқа жауап беру, кермеге тартылу, қол күрес кезеңдерінен тұрды. Шұбарши ауылдық әкімдігінің жетекші маманы Мұратқали Абат Ертісұлы, Сарыкөл орта мектебінің АӘД пәнінің мұғалімі Бекмурзиев Әділет Ондасынұлы және мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Сұлтанов Қайдар Төлегенұлы сайысқа қатысушыларға  әділ бағаларын берді.

24 қараша Мемлекеттік тіл күнінде қазақ тілі пәні мұғалімдері – А.Қалимағамбетова, К.Мырзалина 5-11 кластарда, бастауыш класс мұғалімдері- Қоңыратбай, Қ.Балдосова, Т.Таутанова 2-3-4 кластар аралығында «Мен қазақпын» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Сайысқа қатысушылар Тәуелсіздік тақырыбындағы өлең жолдарын оқыды.

Мектептегі әлеуметтік педагог С.Төлеуова 8 класс оқушыларын ұйымдастырып, «Қайырымды іс» атты акция өткізді. Акцияда оқушылар ауылдың қарты Сәденовтың үй шаруасына көмек көрсетті. Ақсақал балаларға ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді.

25 қарашада мектебімізде 10-11 кластар арасында «Қазақстан Республикасының  әлемдік экономикалық  дамудағы орны» атты конференция өтті. Конференция барысында тарих пәнінің мұғалімі С.А Жақсылықова өз сөзінде «Қазақстанның жаһандану жолындағы жетістіктеріне» тоқталды.  

26 қараша  күні 9 сыныптар арасында білімі мен біліктілігін жоғары, талап – талғамы терең, құқығын қорғай білетін, міндеттерін терең түсінетін, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалану мүмкіндіктерін үйрету, оқушылардың бойында Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтары» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге мектеп инспекторы Ә.Ж.Мырзахметов пен тарих пәнінің мұғалімі С.А.Жаксылыкова қатысты.

1-6 сыныптар арасында  «Қазақстанның мәңгілік жері-Ұлы дала  елі» тақырыбымен сурет көрмесі өткізілді.Сурет көрмесіне 1-6 сынып оқушылары  қатысты. Көрмеге жалпы 80-ге жуық оқушы қатысты.

28 қараша 8 кластар арасында «Теңге мемлекет келбеті» атты танымдық кеш өтті. Осы кеште теңгенің шығу тарихы және теңгенің бейнесімен танысты.

Сонымен қатар бастауыш класс мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Үлкенге сауал» атты шара жүргізілді.

29 қарашада Оқушыларға  ядролық   қарулардың   адамзат баласына   тигізетін   ауыр  зардаптарын   түсіндіру , ядролық   полигонды   жабудағы  Елбасының  ролін   ашып  көрсету, ядролық  қарудан  бас  тартқан  еліміздің   халықаралық   аренадағы   ролін  анықтау  мақсатында   «Теңдесі  жоқ  шешім»  сабақтары  өтті.  

Қараша айының   30 күні Биология пәнінен 10 «а» класында «Ғылым саласында жаңа технологияны қолдану мен игеру барысы» атты тақырыпта шебер класс өткізілді.

 Президент күні қарсаңында «Адам және қоғам» бірлестігі мұғалімдері мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен «Менің Тұңғыш Президентім» атты мерекелік концерт ұйымдастырып, өткізді. Мерекелік концертте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолынан, еңбек жолынан мағлұмат берілді. Елді басқарудағы жетістіктері, еліміздің көркеюі, еліміздегі тұрақтылық, экономиканың өркендеуі айтылды. 

Желтоқсан айының 2 күні Химия пәнінен 11 «а», 11 «б» кластарында «Ғылым саласында жаңа технологияны қолдану мен игеру барысы» атты тақырыпта шебер класс өткізілді.

3 желтоқсанда  9-11 класс оқушылары арасында волейболдан сайыс өтті. Сайысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Бүркіт Жалғас пен Сұлтан Қайдар ұйымдастырды.

5 желтоқсанда 4 орыс класына класс жетекшісі Қожабаева Ақайман Науқановна «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайыс өткізді.   Сайысқа 10 оқушы қатысты.

Ойын соңы Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған концертпен аяқталды.

6 желтоқсанда «Ән салшы сарбазым! » атты патриоттық әндер байқауы өткізілді.

Сағат 15:00-де «Елімнің ерлігін тербеткен – Тәуелсіздік» атты ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті. Шұбаршы орта мектебінің ардагер ұстаздары  қонаққа келді.
 Мектебіміздің ардагер ұстазы Ережепова Гүлжан апай ардагер ұстаздарға естелік видео ролик көрсетті. Ролик барысында ұстаздар өз пікірлерін айтты.

7 желтоқсан күні 8-11 кластар арасында «Қобыланды батыр» тарихи қойылымы сахналанды. Жауапты мұғалімдер Ережепова Г.К., Берестенова Қ.О, Шентимирова А. Қобыланды батырдың дүниеге келуі,ер жетіп жауға шапқаны;  Көктім ханның еліне барып, алтын теңгені атып алып, бойжеткен қызы Құртқаны жар етіп алуы;Қобыланды мен Қараман Қазан батырдың елін жаулап олжалы қайтауы; Көбікті ханның елін жаулап қызын алуы; жорықта жүрген кезінде Қыпшақтың жерін Алшағыр хан жаулап алуы, оны Қобыланды өлтіріп жеңіске жетуі қойылымда сомдалады. Рөлдерді 25 оқушы сомдады, қойылым көрермендер тарапынан өте жоғары деңгейде бағаланды.

Және де бастауыш кластар әдістеме бірлестігі мұғалімдері арасында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» тақырыбында Н.Ә.Назарбаевтың жолдауын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

9 желтоқсанда информатика пәні мұғалімі 7 класқа« Ғылым саласында  жаңа технологияны қолдану мен игеру барысы» тақырыбында шебер класс өтті.  Онда робот техникасы негіздерімен, «робот» ұғымымен таныстырып, роботтардың түрлерін және пайдалану салаларын зерттеу. «Робот» терминінің мағынасын анықтау, механиканың дамуы және адамзаттың техникалық жетістіктері туралы айтты.

World Robot Olympiad видеоролик көрсетті. Бұл видеороликте оқушылардың LEGO®-ның арнайы жинағы көмегімен әр түрлі роботтарды құрастырып жарыстарға қатысқаны көрсетілді.

10желтоқсанда толағай отбасылық сайысы өтті. Сайысқа бастауыш сыныптар арасынан шыққан командалар қатысты.

12 желтоқсанда  11 класс оқушыларына  «Қазақстандағы индустрияландыру» атты тақырыпта ашық сабақ өткізілді. Сабаққа 11 «а» және 11 «ә» кластардан 3 топ қатысты.

Сабаққа Қазақстандағы индустрияландыру туралы слайдтар, суреттер көрсетілді.

13 желтоқсанда орыс тілі пәні мұғалімі М.Д.Қожашева 5-11 класс оқушыларына «Шұбаршы орта мектебі 1991-2016 жылдарда» атты презентация көрсетті. Презентацияда мектеп түлектері мен ұстаздарының жетістіктері туралы баяндалды.

14-желтоқсан күні  «Астанам-мақтанышым!» презентациялық сабақ өткізілді . Презентацияға 7 сынып оқушылары қатыстырылды.
Астана туралы басқада бейне роликтер көрсетіліп, оқушылар өз әсерлерін айтты.
Презентация барысында «Болашақ Астана көрінісі» тақырыбында оқушылар шығармашылығынан сурет көрмесі болды.
Сейтагзамова Асем ЕХРО-2017 туралы дайындалған бейне роликті көрсетіп, оны қорытындылады.
Тоқтамысова Мейрамгүл сабақ соныңда оқушылардан өз әсерлерін сұрап, сабақты әсем өлеңмен қорытындылады.

15 желтоқсанда 1-11 класс аралығында «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты қорытынды шара ұйымдастырылып, жүргізілген іс-шаралар үздік топтар, оқушылар марапаттады.

16 желтоқсанда Шұбарши ауылдық клубында ұйымдастырылған салтанатты шараға мектеп ұжымы бір кісідей қатысып, мектеп мұғалімдері аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.С.Қалмағанбетовтің алғыс хатымен марапатталды.

bottom of page