top of page

14 қаңтарда мектебімізде "Ұлттық құндылықтар " атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге 9-11 класс оқушылары мен аудандық "Досжан Иман" мешітінің басшысы мен "Аңсар" орталыңының теологтары қатысты

Мемлекеттік ата - аналар жиналысы

Шұбаршы орта мектебінің 2016-2017 оқу жылына арналған  тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес өткізілген "Тәуелсіздігім - бақытым" атты айлықта  желтоқсан күні қайырымдылық көрсету мақсатында Шұбарши ауылдық клубында "Қобыланды батыр" қойылымы ақылы түрде сахналанды.

Қойылымнан 14000 (он төрт мың) теңге көлемінде ақша түсті. 

14000 (он төрт мың) теңгені - қамқорлықтағы оқушы Болатов Нұрхат пен жетім Коршиков Александр Викторовичтің "Тұрғын үй құрылыс жинақ" банкінен ашылған есепшоттарына аударуға бөлінді. 

26 желтоқсанда қамқорлықтағы Болатов Нұрхат пен мүмкіндігі шектеулі Алиманова Тамина облыстық әкім шыршасына қатысты. Облыс әкімі тарапынан жаңа жылдық сыйлықтар (планшет, кітаптар) алды. 

1 - 4  класс оқушылары арасында "Үздіктер аллеясына" жеміс ағаштары отырғызылды. Жеміс ағаштарын отырғызуға оқушылар мен бірге ата - аналар да атсалысты.

"Отбасы - бақыт мекені" облыстық іс - шара аясында "Балана арнап ағаш отырғыз" акциясы. Шұбаршы орта мектебінің ауласына өрік , шие және қара өрік, ағаштары отырғызылды

Шұбаршы орта мектебінің бақша өнімдері

"Мәртебелі тіл - мәңгілік ел" тіл апталығы

"Өзін - өзі басқару " Мектеп директоры 

Серғалиев Серік Сержанұлы

Мектеп әкімшілігі

"Қалыптастырушы бағалаудың түрлері мен маңызы" "Оқу сапасын көтеру және мұғалімнің кәсіби даму жолы" коучинг - сессия Кенкияқ орта мектебі  мұғалімдерімен бірлесе отырып желілік қоғамдастық  жұмысының жоспарына сәйкес өткізілді.

Аудан әкімінің шыршасы -2018

"Аяз ата сыйы" акциясы 22.12.2017 жыл

Робототехника үйірмесі

Мерекелік демалысты балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында 4 класс оқушылары арасында "Көңілді старт" спорттық ойыны ұйымдастырылды

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын 15.12.2017 ж.

" Отбасы және мектеп: білім кеңістігіндегі қарым-қатынас " тақырыбында ата-аналарға арналған конференция өткізілді.Мақсаты: өскелең жас ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісінде мектеп пен отбасының өзара тығыз қарым-қатынасын нығайту, ата-аналармен ұстаздардың үнемі байланыста болуы бала тәрбиесінде ерекше маңызы бар екендігін түсіндіру.

Наурыз - мейірімділік пен ізгілік айы. Бала көңілдің гүлі,көздің нұры дегендей мектебімізде "Бақытты бала" жобасы аясында "Бар мейірім балаларға!" атты Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай оқушыларға наурыз көже дастарханы ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты: баларға көтеріңкі көңіл-күй, көңілді күн сыйлау.

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінен көріністер

"Бақытты бала" жобасының 1-ші " Балалардың IT әлемі"блогы бойынша робототехника саласын дамыту бағытында жұмыстар атқарылуда.Мультимедиялық кабинетте "Робототехника - білім беруде инновациялық сала" тақырыбымен роботтар бұрышы ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 1 ақпаны күні Шұбаршы ЖОББМ-де аудан әкімінің тапсырмасы бойынша "Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбында 6-11 кластар мен ата -аналарының қатысуымен жиналыс өтті.Жиналысқа аудандық білім бөлімінің әдіскерлері А.Е.Мұстафина, А.А.Бегімбетова, аудандық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер жөніндегі аға инспекторы Ғ.Ғ.Қарасаева, Шұбарши ауылдық округінің әкімі А.М.Усербаев, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.Абенов қатысты.Жиналыс барысында облысымызда болып жатқан жасөспірімдер арасындағы туралы бейнероликтер көрсетіліп, ата -ананың жауапкершілігі жайлы сөз қозғалды. Сонымен қатар ата-аналарға және оқушыларға жадынамалар таратылды.

bottom of page